oC

«Нұрбөбек» бөбекжайы КМҚК

«Қабанбай батырмен дене шынықтыру –сауықтыру»

апталығы 2022 жылдың 18 сәуір – 22  сәуір арасында өтті.

 

Апталық мақсаты:  салтының басты шарттарының бірі ретінде спорт туралы түсініктерді қалыптастыру, ойлау, танымдық қабілеттерін дамыту, талдау, ойлап табу, моральдық және ерік - жігер қасиеттерін, дұрыс мінез - құлық дағдыларын, қызығушылықты, дене жаттығуларымен жүйелі түрде айналысу қажеттілігіне тәрбиелеу, әрбір мектеп жасына дейінгі баланың денсаулығын сақтауға жәрдемдесу.

Апталық міндеттері:

  • Балаларды және олардың ата - аналарын салауатты өмір салтына тарту;
  • Балалардың шығармашылығын, шығармашылық белсенділігін дамыту;
  • Тәрбиеленушілердің өзін - өзі көрсету, өзін - өзі тану қабілеттерін қалыптастыру;
  • Балалардың балабақша өміріне белсенді қатысуға деген ұмтылысын дамыту;
  • Салауатты өмір салтын қалыптастыру әдеті мен қажеттілігіне тәрбиелеу. Спорт пен туризмге, дене шынықтыруға қызығушылық тудыру;
  • Балаларды денсаулыңы мықты болуға тәрбиелеу, емделуден қорықпауға шақыру;
  • Дәрігерлерге құрметпен қарауға тәрбиелеу.