1)Білім беру ұйымының атауы: Сәтбаев қаласы білім бөлімінің «Нұрбөбек» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Орналасқан жері: Сәтбаев қаласы, Шаталюк көшесі 40 ғимарат
Телефон нөмірлері: 8(71063)31632, 87774855542;
электрондық пошта Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
2)уақытша бос лауазымның атауы: логопед
жүктеме мөлшері: 1,0
еңбекке ақы төлеу мөлшері: 131157 теңге
Негізгі функционалдық міндеттері:
Баланың дене, психикалық, сөйлеу, неврологиялық мәртебесін ескере отырып, ерекше білім беру қажеттілігін бағалауды жүзеге асырады, баланың сөйлеу және психофизикалық дамуына тексеру жүргізеді, құжаттаманы жүргізеді және талдайды.
Жеке оқу, жеке-дамыту бағдарламаларын әзірлейді, әртүрлі білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады.
Тәрбиешілермен және басқа да мамандармен тығыз байланыста топтық және жеке және түзету, бұзылған функцияларды қалпына келтіру және ерекше білім беру қажеттілігі бар тәрбиеленушіні әлеуметтендіру бойынша қызметті жүзеге асырады.
Педагогтерге, ата-аналарға немесе оларды алмастыратын тұлғаларға балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету жөнінде кеңес береді.
Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.
Тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, стандарт талаптарына сәйкес оқытудың алуан түрлерін, тәсілдерін, әдістері мен құралдарын қолданады.
Арнайы білім беру бағдарламаларын іске асырады.
Кәсіби біліктілігін арттырады.
Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне, семинарларға, конференцияларға қатысады.
Қажетті құжаттаманы жүргізеді.
Ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілікті меңгерген.
Қоғамның мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға толерантты қарым-қатынасын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізеді.
Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын орындайды.
Тәрбие-білім беру процесін ұйымдастыру кезеңінде балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.
- Білуге міндетті:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Қазақстан Республикасы жемқорлыққа қарсы күрес" туралы Заңдарын және білім беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерді,
өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтердің мемлекеттік стандарттары;
арнайы мектепке дейінгі педагогика, арнайы психология,
оқу-тәрбие процесін жобалау және ұйымдастыру негіздері;
арнайы білім беру саласындағы жаңа жетістіктер;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелері, санитарлық ережелер.
4) құжаттарды қабылдау мерзімі: 01.09.2022 бастап
5) қажетті құжаттар тізбесі;
- Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
- Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
- Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
- "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
- Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- Наркологиялық ұйымнан анықтама;
- Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
- Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.